2022 жылдың 11 наурыз күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде "Портреттік жанр және өнердегі адам бейнесі" тақырыбында дәріс-сағат өтті. Дәріс-сағатта музей қорынан алынған суреттер ұсынылды, сонымен қатар, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, суретші Аманов Қамбарбек Хасенұлымен шеберлік сағаты өтті.
Кескіндеменің портреттік жанры-бейнелеу өнерінің ең күрделі түрлерінің бірі. Суретшіден адамның бейнесін жеткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Суретші табиғатты, қоршаған ортаны бейнелеуде кейбір дәлсіздіктерге жол бере алады, өйткені әркім оны өз жолымен қабылдайды. Ал, адамның жан дүниесін көрсететін бейнесін жасау-бұл бәріне берілмейді, алайда қылқалам шебері Қамбарбек Хасенұлы осындай талантқа ие. Шеберлік сағатқа "Винсент Ван Гог" бейнелеу өнер студиясының оқушылары қатысты,олар көз алдарында адамның портретін қалай жазылатынын үлкен қызығушылықпен бақылап отырды. Шебер өзінің шеберлік сағатында Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің экскурсия жүргізушісі Болатова Мамлакаттың портретін салуға шешім қабылдады. Ол Мамлакаттың бейнесін кенеп бетінде керемет жеткізе алды, осылайша қатысушыларды өзінің үлкен талантымен таң қалдырды. Сонымен қатар, оқушылар назарына музей қорындағы Қ. Амановтың "Абай - дана", Е.Дәукеновтың "Ш.Сариевтің бейнесі", Т.Әбуовтың "Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетовтың портреті", М.Қалимовтың "Дария-Толқын", В.Ткаченконың "Сталевар Рамазановтың бейнесі", А.Отаралиевтің "Т.Досымовтың бейнесі", Қ.Досниязовтың "Марта Брилл Олкоттың бейнесі" секілді туындылар ұсынылды.