2022 жылдың 28 сәуір күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде "1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне" арналған музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Бірінші мамыр күні елімізде ең жарқын мерекелердің бірі – "Қазақстан халқының бірлігі күні" атап өтіледі. Бұл 150 ұлт өкілдері тұратын Республикада бейбіт өмір сүрудегі ұлттардың достық, ынтымақтастық және келісім мерекесі.
Жарқын көктем мерекесі Қазақстанның әрбір қаласында өткізіледі, онда қалалардың орталық көшелерімен шерулер, сондай-ақ көптеген мерекелік іс-шаралары өтеді. Ш.Сариев атындағы Өнер музейі осы тақырыпқа арналған туындылардан көрме өткізді.
Көрмеге М.Аманжоловтың "Жайлауда", М.Дәулетияровтың "Түрлі – түсті көктем мерекесі", Т. Халиннің "Мәртебелі көктем", Е. Дәукеновтың "Үш дос", Н. Ғабденовтің "Бір шаңырақ астында", А. Маңғыстаудың "Бірлік-достық кепілі" атты картиналар қойылды.