«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Жеңісті жақындатқандар» атты көрме өтті

2022 жылдың 6 мамыр күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 9 мамыр – «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне арналған «Жеңісті жақындатқандар» атты музей қорындағы суретшілер туындыларынан көрме өтті. 

 Шараның мақсаты: Отанды қорғауға, оған сүйіспеншілікпен қарау, музей көрермендеріне Ұлы Жеңіс күні туралы мағлұмат бере отырып, Отан үшін шайқасқан аға - апаларымыздың рухына бас ию, ерліктерін мәңгі есте сақтау. Музей қорындағы 9 мамырға арналған суретшілердің туындыларын насихаттау.

9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтеді. Бұл мереке әр отбасына ыстық! Бабалар ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке саналады. Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы.

Қазақ тілінде экскурсия жүргізушісі Аида Маратқызы 9 мамыр – «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне байланысты музей қоры туындыларынан құралған көрмеге экскурсия өткізді. Көрмеге Б.Телеубайдың «Құлыным,қашан келесің?», Е.Дәукеновтың «Қара кемпір», Қ.Амановтың «Соңғы шайқас», «Рақымжанның ерлігі», М.Давлетьяровтың «65-ші көктем», Т.Халинның «Қырық бестің көктемі» және осы секілді т.б. туындылар қойылды. 

 Шараға Атырау қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы және жас қызметкерлері қатысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ