«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

"ЭКОлайфхак – мені қайта өңде" тақырыбында қолдан жасалған бұйымдар жасаудан мектеп оқушыларының арасында облыстық бауқау-көрме

2022 жылы 13 мамыр күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялауына орай "ЭКОлайфхак – мені қайта өңде" тақырыбында қолдан жасалған бұйымдар жасаудан мектеп оқушыларының арасында облыстық бауқау-көрме өтті.
Байқау-көрменің мақсаты: қалдықтардан жаңа туынды жасау арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу, эстетикалық танымдарын кеңейту;қоршаған ортаны қорғауға үйрету және олардың экологиялық мәдениеттерін дамыту;
Көрмеге 5-10 сынып оқушыларының 51 жұмысы қойылды. Әрбір жұмыс ерекше, жұмыстар үлкен ықыласпен және сүйіспеншілікпен жасалған. Қолдан жасалған бұйымдар, негізінен, тұрмыста, үй немесе саяжай тұрмысында қажетті қалдықтардан (пластик ыдыстардан, қаптардан, банкалардан, картон қағаздан және т.б.) немесе басқа жерлерде пайдаланылатын бұйымдардан, инсталляциялардан, мата қалдықтарынан, материалдардан жасалған.
Байқау-көрмені сараптаған әділ-қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Халықаралық және республикалық көрмелердің бірнеше мәрте қатысушысы Шеруен Мұхтар Қабдығалиұлы. Әділ-қазылар алқасының мүшелері Ш.Сариев атындағы өнер музейінің басшы орынбасары Нұғманова Назгүл Төлегенқызы және «Қорларды ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі Шахманова Роза Қабдырашқызы. 
Байқау-көрмеге 5-7 және 8-10 сынып оқушылары қатысты, әр жас категориясы бойынша 10 қатысушы алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды: 
5-7 сыныптар арасында қатысушылар: 
1. Ким Александр Сергеевич - 6 сынып;
2. Қалепқали Абдурахман Шалқарханұлы-7 сынып;
3. Әділбек Саят Фарабиұлы-5 сынып;
4. Қайырғали Алмас Романұлы-5 сынып;
5. Зинатуллина Камшат Болатовна-7 сынып.
8-10 сыныптар арасында қатысушылар:
1. Белоусов Григорий Алексеевич-9 сынып;
2. Мельниченко Александр Александрович-8 сынып;
3. Алтынбек Сәжде Амангелдіұлы-8 сынып;
4. Ғизат Дарын Нұрланұлы-8 сынып;
5. Тасболат Дамир Ғаділбекұлы-8 сынып.
Байқау-көрмеде өздерінің қолөнерлік бұйымдарымен ерекшеленген 6 оқушы жүлделі III-орындармен, 4 қатысушы – жүлделі II-орындармен, 2 қатысушы – жүлделі I-орындармен және сыйлықтармен марапатталды:
5-7 сыныптар арасында жеңімпаздар:
III орын: Сарсенғали Нәби Рүстемұлы – 6 сынып, Атырау қаласы;
III орын: Арал Фатима Сырымқызы - 6 сынып. Атырау қаласы; 
III орын: Айсана Асқарқызы шайқасы – 7 сынып, Атырау қаласы;
II орын: Мурзагалиева Дилана Талгатовна-7 сынып, Атырау қаласы;
II орын: Даукенова Гүлсезім Елеуғалиқызы – 5 сынып, Атырау қаласы;
I орын: Қожакелді Аймарал Санабайқызы-7 сынып, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы.
 
Енді 8-10 сыныптар арасында жеңімпаздарға кезек келді:
III орын: Талғатұлы Ұлықбек – 9 сынып, Атырау қаласы;
III орын: Кенжетай Әлихан Ерланұлы-10 сынып. Атырау қаласы; 
III орын: Серікова Ақпейіл Дастанқызы – 10 сынып, Атырау қаласы;
II орын: Абдусаметов Әмірхан Амангелдіұлы-8 сынып, Атырау қаласы;
II орын: Мұңалов Нұрасыл Төреғалиұлы-9 сынып, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы;
I орын: Бимухан Альфия Қожамжарқызы – 9 сынып, Атырау облысы, Индер ауданы.
Кеш соңында көрермендер мен қатысушылар байқау-көрмені тамашалады.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ