2022 жылы 16 маусым күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Гурьев Альберт Анатольевичтің 85 жылдығына арналған дәріс сағаты өтті.
Архангельск қаласында дүниеге келген, 1962 жылы Мәскеу полиграфиялық институтын тәмамдаған, онда кітап графикасының шебері А.Гончаровтан білім алған. "Жазушы"баспасымен бірге жұмыс істеген. Баспаның кітаптарын безендіріп, суреттеді. Суретшінің жұмысы техникасының алуан түрлілігімен, шешімдердің өзіндік ерекшелігімен таң қалдырады. Суретшінің жанына жақын тақырыбы "Пушкиниана". Суретшінің шығармашылығында "Жазушы" баспасы шығарған: Пушкиннің таңдаулы шығармаларының екі томдығы, "Ертегілер", "Алтын әтеш ертегісі" және т.б. "Пушкин орындарында" эскиздері, "Оралдағы Пушкин" және "Пугачев тарихы"жұмыстарының циклдері.Суретші ауыр науқастан кейін Нижневартовск ауруханасында қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген.
Шараға “Silkway” мектебінің оқушылары қатысты.