2022 жылдың 24 маусым күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай «Біз жарқын өмірді қалаймыз» тақырыбында Өнер музейі жанындағы «Бейнелеу өнері» студиясы оқушыларының қатысуымен тақырыптық дәріс-сағат өтті.
Шараның мақсаты: есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың ағзаға тигізер зиянды әрі қауіпті екендігі жөнінде түсінік беру. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлық жұқпалы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Осы індеттен мейлінше аулақ болуымыз керек. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдануымыз керек.
«Бейнелеу өнері» студиясының оқушылары шараға ерекше қызуғышылықпен қатысып, өз ойларымен бөлісті.