«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Саносян Саркис Мануковичтің туғанына 100 жыл толуына арналған көрме

2022 жылы 14 шілде күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген өнер қайраткері, кеңестік және қазақстандық суретші-кескіндемеші, график Саносян Саркис Мануковичтің туғанына 100 жыл толуына арналған көрме өтті. 
1922 жылы 5 ақпанда Армян КСР Новобозазет ауданы Кармир ауылында дүниеге келген. Ереван көркемсурет училищесінің төрт курсын бітірген (1938-1942). Республикалық көрмелердің қатысушысы. 
Суретшінің жұмыстары  ырғақтылығымен, сәнділігімен ерекшеленеді.
Саносянның түстері символдық, өйткені ол туындылардың мәнін ашады. 
70-ші жылдары суретшінің жұмысында лиропоэтикалық принцип күшейе түсті. 
Ш.Сариев атындағы өнер музейінің қорында суретшінің 4 жұмысы сақталған, атап айтқанда: "Совхоздағы көктем", "Кент", "Ақбастау кенті" және "50 жыл қазандағы шахта".
Музейге келушілер суретшінің шығармашылығын ерекше тамсаныспен қарап, түстер мен бояудың ырғағын сезіне алды. 
Көрмені экскурсия жүргізуші М. Болатова өткізді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ