2022 жылдың 25 тамыз күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, кескіндемеші Табылды Мұқаттың 75 жас мерейтойына арналған тақырыптық дәріс-сағаты өтті.
Дәріс сағат барысында суретшінің өмірбаяны мен шығармашылығы жайында мағлұмат берілді.
Көрмеге суретшінің «Исатай-Махамбет», «Жайық жағасындағы үй», «Атыраудағы мешіт», «Жайық үстіндегі көпір» және т.б. туындылар қойылды.
Шараға Абай орталығының «Бейнелеу өнері» үйірмесінің оқушылары қатысты. Экскурсия жүргізушісі Дюсенғали Аида музей залдарынан экскурсия жүргізді.