2022 жылдың 2 қыркүйек күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы –сәндік өнер музейінде 3 қыркүйек – «Мұнайшылар күніне» арналған «Мұнайлы өлкем-Атырау» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өткізілді.
Көрмеге Ж.Қайрамбаевтың «Гурьев мұнай өңдеу зауыты», М.Қалимовтың «Маңғыстау мұнайшылары», К.Жапалованың «Жерұйық»,С.Кәрібайдың «Атырау көрінісі», «Мұнайшы», О.Кендірдің «Атырау мұнайлы өлке», Н.Қалиевтың «Атырау байлықтары» туындылары қойылды.
Көрмеге Дархан өнер студиясының оқушылары қатысып,Өнер музейінің тың туындыларымен танысты.