2022 жылдың 12 қыркүйек күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Халықаралық Отбасы күніне арналған музей қорындағы туындылардан көрме өтті.
2013 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында Отбасы күні атап өтіледі.Отбасының қоғамдағы рөлін бағаламау қиын. Онда әр адамның жеке тұлғалылығы, кейінгі ұрпақтарының сабақтастығы жатыр. Отбасы-бұл баланың өзінің әлеуетін ашатын және өмірдегі орнын анықтайтын, жақсылыққа, әділеттілікке және жасампаздыққа үйренетін әлеуметтік қоғам десекте болады. Барлық елдердің мемлекеттік органдары тұрақтылық пен игіліктің кепілі ретінде отбасылық қатынастардың қалыптасуына ерекше назар аударады.
Көрмені экскурсия жүргізушісі М.Болатова жоғары инновациялық халықаралық колледжінің 1 курс студенттеріне өткізді. Көрмеде Ж.Аралбаевтың "Кешқұрым", М. Кенбаевтың "Туған ауылда", Қ. Амановтың "Дастархан" және т. б. туындылар қойылды.