«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Қазақтың даласы» тақырыбындағы жеке шығармашылық көрмесі өтті

2022 жылдың  30 қыркүйек  күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, кескіндемеші Кендір Отарбай Қанатұлының 65 жас мерейтойына арналған «Қазақтың даласы» тақырыбындағы жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Шараның мақсаты: Қылқалам шеберінің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру. Өнер музейінің қорындағы суретшінің туындыларын көрермен назарларына ұсыну.

Кендір Отарбай Қанатұлы 1957 жылы 20 тамызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Асан ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Жезқазған педагогикалық институтының «Көркемсурет-графика» факультетін тәмамдады.

ҚР Мәденет қайраткері, Қазақ Ұлттық Дизайн Академиясының академигі, ҚР Көркем Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының және Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі. 1989 жылдан көптеген көрмелердің қатысушысы.

«Қазақтың даласы» тақырыбындағы шығармашылық көрмеге қылқалам шеберінің Ш.Сариев атындағы Өнер музейінің құнды қорындағы «Еркіндік», «Жалғыз тырна.Азғыр», «Қарт Каспий», «Ұлы дала», «Құрақ», «Атырау мұнайлы өлке», «Көшпенділер» және т.б. туындылары қойылды.

Суретшіні мерейлі 65 жасымен құттықтап Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшы орынбасары Нугманова Назгүл  Төлегенқызы сөз сөйлеп, құттықтау хат табыстады. Университет ұжымы атынан педагогикалық ғылымдардың кандидаты, аға оқытушы Қоянғалиев Еркін Саташұлы құттықтау хат табыстап, сөз сөйледі. Сонымен қатар қылқалам шебері ұстаздық еткен университет түлектері өнер иесін 65 жас мерейтойымен құттықтап сыйлықтарын табыстады.

Шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» мамандығының 4-5 курс студенттері қатысып, әр туындысына ерекше тебіреніс беру арқылы бояуларды үйлестіре білген суретшінің тың туындыларын қызығушылықпен тамашалады.

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ