2022 жылдың 8 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «8 желтоқсан - Халықаралық суретшілер күніне» орай «Суретші өмірінің бір сәті» тақырыбында дәріс-сағат өтті.
Шараның мақсаты: Балалардың сурет өнері туралы түсініктерін дамыту. Суретшілердің мерекесі туралы мағлұмат беру.
Желтоқсанда шығармашылық мереке – Суретшілер күні тойланады. Бұл шара тек осы саланың кәсіби қызметкерлеріне ғана емес, барша өнер сүйер қауымға қатысты. Халықаралық суретшілер күні 2007 жылы әлемдік ауқымдағы әлеуметтік мәні бар іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді. Бұл мерекені «Әлем халықтарының өнері» халықаралық қауымдастығы жариялады.
Шараға Ш.Сариев атындағы Өнер музейі жанындағы «Бейнелеу өнері» студиясының ересек топ оқушылары қатысты. Дәріс-сағатты өткізген Дюсенғали Аида.