«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

«Жаңа жыл ғажайыптары» атты шығармашылық көрмесі

2022 жылдың  21 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейі жанындағы «Бейнелеу өнері» студиясы оқушыларының «Жаңа жыл ғажайыптары» атты шығармашылық көрмесі өтті.

Шараның мақсаты: Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау көрсету, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, балаларға жаңа жылдық керемет көңіл-күй сыйлау.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. «Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа», - деп, ескі жыл-тышқан жылымен қоштасып енді,жаңа жыл-2023 жыл қоян жылын қарсы аламыз.

Бүгінгі көрмеде Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшы орынбасары Назгүл Төлегенқызы балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.

Музейдегі «Жаңа жыл ғажайыптары!» тақырыбындағы студия оқушыларының көрмесіне 30-дан астам жұмыс қойылды. Шараға студия оқушылары, ата-аналар қатысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ