«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

«Ғажайып қыс» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өткізілді

2023 жылдың 10  қаңтар күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ғажайып қыс» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өткізілді.

Көрме өткізудегі басты мақсат – ел мәдениетінің мәйегі саналатын музейіміздің қорындағы туындыларды таныстыру.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы  мен сейіл серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Суретшілердің картиналары жылдың осы тамаша мезгілін ерекше суреттейді.  Көрмеде музей қорындағы Абай Айтмағамбетовтың «Қысқы балық аулау», Досниязов Қабдолдың «Мұз қоймасы», Асылгазин Зураның « Біреуі жер, біреуі көк тағысы , Адам үшін бастысып қызыл қанға»,  Кендір Отарбайдың «Қыс», Романов Сахидың «Әйел бейнесі», Саносян Саркиздің «Ақбас тау»,

Наседкин Николайдың «Тон киген шопан», атты туындылары қойылды. Көрмені өнер музей жанындағы бейнелеу өнер студиясының оқушылары тамашалады.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ