«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

Тарихи жанр» тақырыбында дәріс сағат

2023 жылдың 12 қаңтар күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде музей қорындағы туындылармен «Тарихи жанр» тақырыбында дәріс сағат өтті.

Дәріс-сағат мақсаты: музей қорындағы туындылармен таныстыру; суретшілердің туындыларының эмоционалды-құндылықтарын түсіну, суретшілер шығармашылығына құрмет көрсету; бейнелеу өнеріндегі тарихи жанр туралы түсінік, әр дәуір суретшілерінің тарихи тақырыпқа бет бұру себептері мен тарихи жанрдағы туындылардың мағыналарын анықтау.

Тарихи жанр немесе тарихи кескіндеме – кескіндемедегі нақты тарихи оқиғаларға, діни, мифологиялық, аллегориялық тақырыптарға бағытталған, бейнелеу өнерінің әртүрлі стильдерінде жазылатын сюжеттерден тұратын бөлім.

Тарихи жанр маңызды тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, әскери тұлғаларды бейнелеуге арналған. Ол негізінен өткенді білдіреді, алайда тарихи маңыздылығы мойындалған жағдайда, соңғы оқиғаларды да көрсете алады.

Ол көбіне басқа жанрлармен астасып жатады: тұрмыстық өмір (тарихи және тұрмыстық бейнелер), портрет (өткеннің қайраткерлері, тарихи-портреттік композициялар), пейзаж (тарихи пейзаж). Тарихи жанр әсіресе әскери оқиғалар, шайқастар көрсетілетін жанрмен тығыз байланысты.

Дәріс-сағатта музей қорындағы тарихи жанрға байланысты туындылар таныстырылды.

Ш.Сариев атындағы Өнер музей жанындағы «Бейнелеу өнері» студиясының (ересек топ) оқушылары бейнелеу өнерінің бір жанрымен таныса отырып, презентация слайдтарын тамашалады.

Дәріс-сағатты экскурсия жүргізушісі  М.Болатова жүргізді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ