«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

“Кескіндемедегі таңғажайып тұлға” тақырыбында музей қоры туындыларынан шығармашылық көрмесі

2023 жылдың  19 қаңтар  күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер Академиясының мүше-корреспонденті, «Тарлан» сыйлығының иегері Слекенов Рафаэль Оразбайұлының мерейлі 50 жас мерейтойына арналған “Кескіндемедегі таңғажайып тұлға” тақырыбында музей қоры туындыларынан шығармашылық көрмесі өтті.

Шараның мақсаты: музей көрермендерін қылқалам шеберінің өмірбаянымен, суретшінің өзіндік ерекшеленген шығармашылығымен таныстыру. Өнер музейінің құнды қорындағы Рафаэль Слекеновтың туындыларын көрермен назарларына ұсыну.

Бейнелеу өнерінде өзіндік дара жолы бар  қылқалам шебері Рафаэль Слекенов 1973 жылы 20 қаңтарда Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  «Музыка және бейнелеу өнері» факультетін бітірді. 1999 жылдан бері Қазақстан Суретшілер Одағы Жастар бірлестігінің мүшесі. 2001 жылдан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.  «Жігер-2000», Халықаралық жас суретшілер фестивалінің лауреаты, «Шабыт-2001» ІV Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің лауреаты.  «Mirca Art Group» Халықаралық Суретшілер Ассоциациясының мүшесі. 2002 жылы Венецияда, Италияда шығармашылық сапарларда болған. Жұмыстары музей қорларында және шет елдердің, соның ішінде АҚШ, Норвегия, Англия, Нидерландиядағы өнер сүйгіш қауымдарының жеке коллекцияларында сақталуда. Суретшінің әр жұмысы өзіндік қолтаңбасымен, өзіне тән дәстүрімен өзгешеленеді.

Рафаэль Слекенов өз суреттерінде ерекше түрлі көріністі, ашық түстерді, бояулар колоритін бейнелейді. Рафаэль Оразбайұлы өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен ерекшеленген суретшілердің бірі.

Өзінің ойларын, сезімдерін еңбектері арқылы бейнелейтін қылқалам шеберінің бүгінгі көрмесіне Ш.Сариев атындағы Өнер музейінің құнды қорындағы «Абай», «Ақынның жалғыздығы. Тастармен сырласу», «Ақ жайық», «Бүгін және ертең», «Таң», «Саяхат. «Бақытты шақ» топтамасынан», «Атаусыз өзен», «Күз.Ақ өзеннің бастауында», «Ымырт», «Балдәурен», «Таң», «Саябақ», «Ескі үйлер», «Балықшының түсі», «Батпырауық», «Дамбы. Жайық өзенінің сағасы», «Сарытоғайды іздегендер» секілді туындылары қойылды.

Шараға Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 1 курс студенттері қатысып, қылқалам шеберінің тың туындыларын қызығушылықпен тамашалады.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ