«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Айтбай Құлбай Қонысбайұлының шығармашылығына арналған тақырыптық дәріс сағаты өтті

2023 жылдың 12 мамыр күні Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының академигі, суретші Айтбай Құлбай Қонысбайұлының шығармашылығына арналған тақырыптық дәріс сағаты өтті.

•••

Дәріс сағатының мақсаты: суретшінің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру негізінде жастарды рухани тәрбиелеу, бейнелеу өнерімен танысу арқылы жастардың шығармашылығын дамыту, Ш.Сариев атындағы Өнер музейі қорының туындыларын насихаттау.

•••

Айтбай Құлбай Қонысбайұлы 1958 жылы 24 сәуірде Түрікменстанда, Ташауыз облысы, Калинин ауданы, Лабақ станциясында (бұл станция осы жерді қорғаған аты аңызға айналған қазақ батыры Лабақтың атымен аталған) дүниеге келген. Түрікмен мектебінде он сыныпты бітірген. 

•••

1976 жылы Шота Руставели атындағы Ашхабад көркемсурет училищесіне, кескіндеме бөліміне оқуға түскен. Алайда, бірден оқуға түсе алмағандықтан, бір жыл слесарь болып жұмыс істеді. Бұл оған металмен жұмыс істеу тәжірибесін берді. Бірақ жас жігіттің бойындағы өнерге деген құштарлық сезім бір сәтке де сейілмей, оның үстіне күшейе түсті. 

•••

Суретшінің шығармашылық ойлары қазақ халқының бейнелеу өнерін зерттеуге ғана емес, сонымен қатар түрікмен халқының қолөнер шеберлігін тануға әкелді. Оның ізденісі оң нәтиже беріп, жас суретші әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің ұқсастығымен қатар, қазақтар мен түрікмендердің дәстүрлі қолөнер түрлерінде, өрнектері мен оюларында адамдардың ұмтылыстары мен ішкі ойларын ашатын айырмашылықтары бар екенін байқаған.

•••

1881 жылдан бастап Құлбай Айтбай Ашхабадтың көркемөнер көрмелеріне қатыса бастаған. 1985 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркем графика факультетіне түсіп, 1990 жылы тәмамдаған. 1987 жылы КСРО Суретшілер Одағына мүшелікке қабылданды.

•••

Суретшінің жұмысының ерекшелігі-оның патриотизмі. Қылқалам шеберінің барлық шығармалары жүректің тереңінен шыққан ұлттық рухқа толы.

Айтбай Қонысбайұлы – заманауи  қазақ бейнелеу өнерінің жаңа құбылысы. Ол ұлттық рухты көтеретін, тарих пен мәдениетті дамытатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін уағыздауды өзінің өмірлік ұстанымы деп санайтын суретші.

•••

Дәріс сағатта жоғары инновациялық халықаралық қатынастар колледжінің студенттері дәріс-сағатты қызығушылықпен тыңдап, суретшінің шығармашылығымен жақынырақ танысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ