«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» жобасы аясында Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастастыруымен басталған «Бұл менің Ұлы мекенім» атты Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР «Парасат» орденінің иегері, суретші, композитор Илья Жақановтың жеке шығармашылық көрмесі құт дарыған киелі мекен Жылыой өңірінде жалғасты. Жылыой – бұл Қарашүңгілден бастау алған қазақ мұнайының қара шаңырағы, талай дүлдүлдер өткен киелі мекен. Осынау қасиетті өлкеге ат басын тіреген шығармашылық топты аудан әкімі Азамат Бауыржанұлы жылы шыраймен қарсы алды. Аталған көрмені Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Т.Орынбасарұлы көрменің басты мақсаты белгілі қылқалам шебері Илья Жақановтың бейнелеу өнеріндегі танымал туындыларын Жылыой өңірінің тұрғындарына кеңінен таныстыру, өнер иесінің бейнелеу әлеміндегі еңбегі зор екендігін атап өтті.