2019 жылдың 1 қарашасы күні сағат 16:00- де Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен, Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай өткізіліп отырған «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы 14- 29 жастағы суретшілер арасындағы облыстық байқау-көрмесі өтті.
Байқау-көрменің мақсаты: Жастар жылына орай өңіріміздегі бейнелеу өнерін дамыту, қоғамда жас суретшілерді қолдау және жас буын өкілдерінің туған өлкеге деген патриоттық рухын көтеру, жастар шығармашылығын насихаттау, жас дарындарды табу.
Көрмені алғысөзбен Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы өнер музейінің басшысы - Т.Орынбасарұлы ашты.
Құттықтау сөзімен ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы жастағы суретшілер арасындағы облыстық байқау-көрмесінің әділқазылар алқасының төрағасы М.Рахметов сөз сөйледі.
Байқау-көрмеге 20-ға жуық жас суретшілер қатынасты. Белсенді қатынасушыларды жүлделі орындармен, ақшалай сыйақымен марапаттау салтанаты өтті.Келген қонақтар байқау-көрмеге ұсынылған туындыларды тамашалап, жақсы әсер алды.