«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Музей түні

2019 жылы 24 қазанда сағат 19.00 мен 03.00 аралығында Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Музей түні» көркемдік-мерекелік шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – өнерді дәріптеу, келушілердің, әсіресе жастардың мәдениетін қалыптастыру, көрме залдарын жандандыру, көпшілікті қызықтыратын түрлі шараларды ұйымдастыру.

Бағдарламада:

-Халықаралық қолөнершілер Одағының мүшесі, Қисметов.Т жүннен гобален тоқып, тоқыма жұмыстарынан шеберлік сағатын өткізеді.

-Суретші, қолөнерші Н.П.Эксузьянның шығармашылығынан шеберлік сағаты

-Жергілікті суретшілер туындыларын насихаттау мақсатында «Ел іші-өнер кеніші» жинағының тұсаукесері.

-Балаларға арналған трафареттерде түрлі-түсті құммен және суретші Даукенов.Е балаларға майлы бояумен сурет салу шеберлік сағаты.

-Облысымызға танымал қылқалам шеберлеріне келушілердің өз портреттерін салдырту мүмкіндігі.

-Музей залдары бойынша дайындалған викториналық сұрақтар

-Жергілікті дизайнерлердің киім топтамаларының үлгілерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.

Музей түніне шақырылған қонақтар «Шырайлым» би тобының өнерін тамашалап, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар және сыйлықтар табысталады.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ