«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

«Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік-тұғырым» атты музей қоры туындыларынан көрме

2023 жылдың  14 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде 16 желтоқсан – «Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік-тұғырым» атты  музей қоры туындыларынан  көрме өтті.

Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған еркіндікке, тәуелсіздікке жету жолындағы желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Кенеп бетіне түсірілген картиналар арқылы бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын насихаттау.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз

Осы жылдар ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.

Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жаңа мемлекет–Тәуелсіз Қазақстан келді. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

Аталған шараға музей қорынан Қ.Айтқалиевтің «Жаңарған өлке, Атамекен», А.Айтмагамбетовтың «Тәуелсіз Қазақстан», Ж.Рахметовтың «Бабалар рухы», Ж.Аралбаевтың «Жаңғырықтан кейін», Қ.Амановтың «Тәуелсіздік жолында» және т.б. осы секілді туындылары қойылды.

Экскурсия жүргізушісі: Ә.Асқарқызы музей залдары бойынша экскурсия жүргізді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ