«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Қысқы табиғат көрінісі»

2020 жылдың 14 қаңтар күні Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Қысқы табиғат көрінісі» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өткізілді.

Көрменің мақсаты: музей қорындағы танымал қылқалам шеберлерінің туындыларын жасөспірімдерге насихаттау, демалыс аймағында рухани мәдениетті қалыптастыра отырып, оқушылар бойындағы таланттарын ашуға ықпал жасау, бейнелеу өнерінің қыр-сырымен бөлісу.

Көрмеге музей қорындағы танымал суретшілер А.Айтмағамбетовтың «Қысқы әуен», Қ.Досниязовтың «Мұз қоймасы», Н.Соловьевтің «Біздің стадион», В.Фарберовтың «Алғашқы қар», С.Саносянның «Ақбас тау ауылы», Р.Абдуловтың «Этюд.Қыс», Г.Мезенцевтің «Қарлы таулар» атты туындылары қойылды. Мәселен, А.Айтмағамбетовтың «Қысқы әуенінде» Жайық өзенінің таңғы, әдемі, қысқы табиғат көрінісі бейнеленген. Суретші өзінің қысқы табиғаттан алған әсерін, көріністің кереметтілігін бояумен жеткізеді. Балықшы соған қарағанда таңертең ертемен келген сияқты, ол аулаған балығына қарап өз ісіне риза. Бұл туындыдан адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік көрінеді. Ал, Қ.Досниязовтың «Мұз қоймасында» Атырау қаласы іргесіндегі Жұмыскер ауылында ауланған балықты мұздатқышта сақтау үшін мұз дайындау көрініс тапқан.

Көрмені тамашалауға №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп, №3 мектеп-гимназия, №4 Ю.Гагарин атындағы орта мектеп оқушылары тамашалады. Сонымен қатар келушілерге музей залдарына экскурсия жүргізіліп, таныстырылды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ