«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Суретші Константин Яковлевич Барановтың 110 жылдығына арналған тақырыптық дәріс

17 қаңтар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Баранов Константин Яковлевичтің 110 жылдығына арналған тақырыптық дәріс өтті.

Дәрістің мақсаты: өскелең ұрпаққа суретшінің өмірін, шығармашылығын насихаттау. Шығармашылығына саяхат жасап, жас ұрпаққа туындыларын таныстыру. Тақырыптық дәріске суретшінің өнер музей қорында сақталған туындылары «Сәуір», «Кешкі Алматы», «Күту», «Тыңайтқышты алу», «Бұлт», «Іле өзенінің сағасындағы тор» туындылары қойылды. Көрмені Бейнелеу өнері студиясы оқушылары тамашалады.

Баранов Константин Яковлевич (1910-1985ж.ж.) – суретші-кескіндемеші. 1928-1930 жылдары Иркутск қаласындағы И.Л.Копылов және Ю.Н. Николаев атындағы Мемлекеттік сурет шеберханаларында оқыды. 1933 жылы КСРО Суретшілер Одағы мүшесі атанды. Новосибирск қаласындағы «Товарищи», «Сибирские огни», «Охотник и рыбак Сибири» журналдарында суретші болып еңбек етті. 1947-1956 ж.ж. - Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік баспа үйінің бас суретшісі болды. 1934 жылы Новосибирскіде өткен II Батыс Сібір облыстық көркемсурет көрмесіне қатысты. Барановтың жеке көрмелері 1960, 1970 жылдары Алматыда, 1963 жылы Қарағандыда өтті.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ