2024 жылдың 4-ші қазан күні сағат 11:00-де Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Атырау қала күніне арналған «Мұнайлы шаһар келбеті» тақырыбына арналған музей қоры туындыларынан көрме өткізілді.
Мақсаты – музейге келуші көрермендерді Өнер музейі қорындағы қылқалам шеберлерінің Атырау қаласының көрінісі бейнелеген туындыларымен таныстыру.
Европа мен Азияның түйіскен жері ендігінде бой көтерген тарихта қомащты орны,келісті келбеті бар әдемі қала – Атырау. Бұл өлке Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы сияқты азаттық,теңдік үшін қан төккен батырлардың қаны тамған қасиетті жер. Атырау талай ақындардың тамаша жырларына арқау болса, қылқаламды серік еткен өнер иелерінің де Атыраудың әдемі кескін-келбетін кенеп бетіне жазған туындылары көптеп кездеседі. Бүгінде Теңіз жағасындағы тамаша қаланың келбеті айқындалып келеді. Қала көрінісі, балық және мұнай жұмыстары, сәулетті ғимараттары мен әсем көріністері бейнеленген туындылар Өнер музейінің алтын қорында сақталған. Сол қала көріністерін жазуда әрбір суретшінің өз техникасы, өз стилі болады, олардың әрқайсысының өзіне тән шеберлігі бар.
Қаланың басты тұрғындары – мұнайшылар. Олар өндірген қара алтынның қайтарымы арқасында қала дамуда, адамдардың да көңіл-күйі көтеріңкі. Мұндағы ұстаз да, дәрігер де, тіпті бала күтімімен айналысып отырған ана да өздерін мұнайшы санайды.
«Мұнайлы шаһар келбеті» деп аталған көрмеге И.Никельдің «Жайық үстіндегі көпір», Қ.Оразғалиевтың «Атырау», «Саябақ», Х.Мусинаның «Өнер музейі» тақырыбындағы туындылары қойылды. Көрмеге қатысқан Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттері оны қызыға тыңдап, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.
Қатысушы көрермен саны: 22. 2 ересек, 20 студент