2024 жылдың 13 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Заманауи музейлік жоба: өзекті нысандар мен әдістер» тақырыбындағы отандық және шетелдік мамандар тәжірибесіне негізделген облыстық жобалық білім беру семинары өз жұмысын бастады.
Семинар—тренинг мақсаты: облыс көлеміндегі музейлер мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи музейлік жобаларды ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерді меңгеру, отандық және шетелдік креативті жобаларды жүзеге асыру бағыттары туралы тәжірибе алмасу болып табылады.
Семинар-тренингте Атырау облыстық Мәдеиет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жоламанов Әбіл Тауфиқұлы сөз сөйлеп, бүгінгі басқосудың мәні мен маңызы жоғары екендігіне, музей мамандарының заманауи музей ісін қалыптастыруда үлкен көмек болатындығын мәлімдеді. Семинар жұмысына сәттілік тіледі. Семинардың спикер-тренерлері Алматы қаласынан келген музейтанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Файзуллина Ғалия Шаукетқызы және Бішкек қаласынан келген өнертанушы, жобалар кураторы, Орталық Азия музейлерін дамыту бағдарламасының жетекшісі Алтын Капалова.
Семинар-тренинг үш күнге, яғни 13-15 қараша күндерінде өтетін болып жоспарланып, облыстың түкпір-түкпіріндегі мәдениет нысандарынан барлығы 27 қызметкер қатысуда.