2024 жылғы 21 қарашада Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Шамиль Гулиевтің шығармашылығы және оның музей қорынан жасаған жұмыстары туралы "Өзгеше қолтаңба" тақырыбында дәріс-сағат өтті.
Дәріс-сағаттың мақсаты-студенттерді әртүрлі жанрлардың кең спектрін қамтитын, бірақ негізінен мүсіндерді қамтитын көрнекті және Қазақстандық суретші Шамиль Гулиевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Біз оның өмірінің негізгі кезеңдерін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан өнерінде және одан тыс жерлерде маңызды болған кейбір туындыларды да қарастырамыз. Дәріс барысында тыңдаушылар оның халықаралық деңгейде танылуымен және ұлттық өнертануға қосқан үлесімен танысты.
Шамиль Гулиев 1960 жылы 24 сәуірде Кабардино-Балкария Республикасында, Нальчик қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Ал 1992 жылы Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) оқуын аяқтады. Онда, А.Сыдыханов және А.Аканев сияқты шеберлерден оқыды.
1988 жылдан бастап суретші Қазақстандағы, Ресейдегі, АҚШ-тағы, Түркиядағы және басқа елдердегі көрмелерге белсенді қатысты, ал 1997 жылдан бастап ҚР Суретшілер Одағының мүшесі болды. Қазіргі уақытта Гулиев Алматыда тұрады және жұмыс істейді.
Музей қорында суретшінің "Мен сенің күніңмін" және "Ұшу" картиналары сақталған. Бұл картиналар дәріс сағатта студенттерге таныстырылды. Сондай-ақ, дәрісте Гулиев басқа да еңбектері, атап айтқанда, оның ежелгі түркі халықтары мен олардың мифологиялық мұраларына арналған әйгілі "Тұран пошта маркалары" сериясы қаралды. Бұл топтаманың жұмыстары Алматыдағы "Тәңірі-Умай" галереясындағы көрмеде көрсетіліп, Мәдениет сүйер қауым мен өнертанушылардың назарын аударды.