2025 жылдың 14 қаңтар күні Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде "Атырау қаласының ескерткіштері" тақырыбында дәріс-сағат өткізілді.
Дәріс сағаттың мақсаты-студенттерді Атырау қаласының тарихы және мәдени мұрасымен таныстыру. Дәріс сағат Атырау қаласындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісов, Дина Нұрпейісова, Құрманғазы және Сұлтан Бейбарыс ескерткіштерін сақтаудың маңыздылығын және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы ескерткіштердің рөлін түсінуге бағытталған. Сондай-ақ дәріс сағатты тыңдаушы студенттерге музей қорынан Ө.Шоранов "Тағзым", Қ. Аманов" Ақын бейнесі", А.Отаралиев "Жеңіс саябағы" сияқты қала ескерткіштеріне арналған туындылар таныстырылды.
Атырау 1640 жылы Жайық өзенінің сағасында құрылған Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл өзен Еуропа мен Азия арасындағы шартты шекара қызметін атқарады және ол қаланы екі бөлікке бөледі — еуропалық және азиялық. Қаланың бұл географиялық орналасуы оның мәдениетіне, сәулетіне және тарихи мұрасына әсер етіп, ежелгі және заманауи көрікті жерлердің ерекше үйлесімін жасады.
Атырау облысы жергілікті маңызы бар көптеген тарихи және мәдени ескерткіштермен мақтанады. Бұл жеке ғимараттар ғана емес, сонымен қатар монументалды өнер туындылары, археология ескерткіштері болып табылады. Осы объектілердің барлығы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша өңірдің атқарушы органы бекіткен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.