«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Іскерлік кездесу

2020 жылғы 24 қаңтар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстан Республикасы қолөнершілер Одағының төрайымы, Our Heritаge қоғамдық қорының Президенті, Орталық Азия бойынша Азиялық-Тынықмұхиттық аймағы Бүкіләлемдік Қолөнершілер Одағының вице-президенті Айжан Бекқұлованың бастамасымен Вашингтон штатында орналасқан «Smithsonian Institute» атты институттың мамандарымен іскерлік кездесу ұйымдастырылды. Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаева шетелден келген меймандарға Атырау өңірінің тарихы тереңде жатқанын, мұнайлы өлкенің өзіне тән салт-дәстүрі мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұрасы мол екендігіне тоқталды. Аталған Институттың жоба үйлестірушісі Бутвин Халле, Халықаралық фестивалдарды ұйымдастыру жөніндегі куратор Доримр Джим, жобаларды дамыту жөніндегі үйлестіруші Анна Педерсен, туризм жөніндегі куратор Юрий Хоровиц Қазақстанда мәдени туризмді дамыту ісі жөнінде өз пікірлерін білдірді. АҚШ-тағы «Smithsonian Institute» - Халық шығармашылық Орталығымен әлемнің 90-нан астам музейлері және 24 зерттеу орталықтары бірлесе жұмыс жасайды. Кездесу барысында Атырау өлкесінде қолөнершілер орталығын ашу, мәдени, тарихи, экотуризмді дамыту, жергілікті өнер музейімен тығыз байланыста бірлесе қызмет ету мәселелері сөз болды. Меймандарға музей залдары таныстырылып, экскурсия жүргізілді. Шетелдік меймандар жергілікті қолөнершілердің туындыларына қызығушылық танытты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ