«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Қолөнер шеберлері бас қосты

2020 жылғы 25 қаңтар күні Атырау қолөнер шеберлері Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде бас қосты. Атырауға келген Вашингтон штатындағы «Smithsonian Institute» мамандары жергілікті қолөнершілерге қолдау көрсету және Айжан Бекқұлова басқаратын Қазақстан Республикасы қолөнершілер Одағымен бірлесе отырып, ұлттық мұраны жаңғыртуға бағытталған «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асатын кешенді бағдарламаны жасақтау үшін алдын-ала танысып, мәдени мұраны зерттеу мақсатында келгендігін жеткізді. Қолөнер – ғасырлар бойы атадан балаға мирас болған, талай ғасыр кезеңінен өткен, түрленіп, жаңарып бізге жеткен өнер. Сан-салалы сол өнердің қадір-қасиетін жоймай, оның озық үлгісін дамыту үшін не істей аламыз деген мәселе талқыға салынған басқосуда біраз мәселенің басы қайырылды. Атырауда қолөнершілерді біріктіретін өз Одағын құру, ұмыт бола бастаған бай мұрамызды қайта жаңғырту үшін жан-жаққа шашырамай, шеберханалары барлық жаңа технологиямен жабдықталған үлкен ғимаратқа ие болу және Қазақстан Республикасы Қолөнершілер Одағымен бірлесе отырып, батыс аймақта танымал шеберлердің шеберлік сағатын өткізу, тәжірибе алмасу қажеттігі айтылды. «Smithsonian Institute» мамандары, жоба үйлестіруші Бутвин Халле, Халықаралық фестивалдарды ұйымдастыру жөніндегі куратор Доримр Джим, жобаларды дамыту жөніндегі үйлестіруші Анна Педерсен, туризм жөніндегі куратор Юрий Хоровиц жергілікті қолөнер иелерінің талап-тілектерін мұқият тыңдап, алдағы жасалатын үлкен бағдарламаның жасақталуында бұл мәселелердің барлығы ескерілетінін атап өтті.

Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып белгілі бір жүйеге түскен, рухани өмірінің ұлттық мәдинеті бар. Ал оған қолдау болса, ғасырлар бойы халқымызбен жасасып келе жатқан қолөнердің өркендей берері сөзсіз. Өйткені ұлттық қолөнер туындылары – біздің баға жетпес байлығымыз.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ