«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Айжан Бекқұловамен кездесу

2020 жылғы 31 қаңтар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстан Республикасы қолөнершілер Одағының төрайымы, Our Heritаge қоғамдық қорының Президенті, Орталық Азия бойынша Азиялық-Тынықмұхиттық аймағы Бүкіләлемдік Қолөнершілер Одағының вице-президенті Айжан Бекқұлова Атыраудағы қолөнер шеберлерімен кездесті. Атырауға келгендегі мақсат жергілікті қолөнершілерге қолдау көрсету, шетелдік ірі инвесторлар қолға алған жобаның жүзеге асуына ықпал ету, жергілікті жерден ұлттық мұраны жаңғыртуға берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, оларды оқыту, тәжірибе алмасуына қолдау білдіру екендігіне тоқталды. Бүгінде Қазақстан бойынша Қолөнершілер Одағының 120 мүшесі және Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ақтау және Шымкент қалаларынан ашылған 8 филиалы бар. Олар 600-ден астам қолөнершімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Одақтың оқу орталығы арқылы әртүрлі тренингтер, шеберлік сағаттары өтіп тұрады. Мұның барлығы қолөнермен айналысатын жастарға, жалпы шеберлерге үлкен қолдау, үлкен мүмкіндік. Белгілі қолөнер иесі Қайрат Шапабаев «Қазақстанда зергер көп, бірақ атақтылары аз. Біз ең әуелі өзімізді өзіміз тәрбиелеп, еңбегімізді бағалай білуіміз керек. Шығармашылық адамда жас ерекшелігі деген болмайды. Өзіңді бағалау арқылы өзгелер еңбегіңді мойындайтындай дәрежеге жеткізуіміз қажет» деген пікірін де білдірді. Музейде бас қосқан қолөнершілер одақ басшысына өз ойларын жеткізіп, толғандырған сауалдарына тиісінше жауап алды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ