«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Олар Жеңісті жақындатты»

2020 жылдың 7 ақпан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Олар Жеңісті жақындатты» атты суретші Қ.Амановтың музей қорындағы туындыларынан көрме өткізілді.
Көрменің мақсаты: патриоттық сананы қалыптастыру және тарихқа құрмет көрсету, оқушыларға суретшінің жеңіс тақырыбына туындыларын таныстыру.

 Көрмеге суретшінің «Соңғы шайқас», «Отты жылдар», «Рақымжанның ерлігі», «Жеңіс саябағы» атты туындылары қойылды. «Отты жылдар» атты туындысында көп пішінді композиция соғыс кезінен толықтай хабар беріп тұрғандай. Алдыңғы көріністе ата мен әженің баласынан хат күтіп ойланып отырған сәті. Кішкентай немересі осы шаңырақтың, ұрпақтың жалғасы ретінде берілген. Оң жақта көзін алысқа тігіп, сағынышпен ойға батып отырған әйел бейнесі суреттелген. Суреттің композициялық құрылымы бір неше көріністен тұрады. «Жеңіс саябағы» атты картинасында орталық саябақтағы «Ер есімі – ел есінде» деп аталатын кешенді ескерткіш, мәңгілік алау бейнелеген. Реалисттік бағытта, өте ұстамды жұмыс. Жаз мезгілін, түс уақытын сары, қоңыр түстер арқылы жеткізген.

Көрмені А.Чехов атындағы №14 орта мектептің 6 сынып оқушылары тамашалады. Келушілерге көрме залдарына экскурсия жүргізілді. Барлығы: 18 адам

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ