2025 жылдың 22 сәуір күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Николай Алексеевич Наседкиннің шығармашылығына арналған "Сыр сақтаған бояулар" атты көрме өтті.
Көрменің мақсаты: Николай Алексеевич Наседкиннің өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру.
Суретші Наседкин 1957 жылдан бастап КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1952 жылдан бастап бүкілодақтық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Көптеген тақырыптық суреттер мен портреттердің авторы. Оның шығармашылығына әскери-патриоттық тақырып тән, жұмыстардың едәуір бөлігі ауыл еңбекерлеріне арналған. Суретші республика бойынша көп саяхаттады, шалғай аудандарға барды, нәтижесінде ауыл өмірі тақырыбындағы зерттеулер мен картиналар пайда болды.
Бүгінгі көрмеде музей қонақтарына суретші Николай Наседкиннің "Нан келе жатыр","Күләш", "Шопан","Сауыншы Мальцеваның портреті", "Реттеуші", "Жоңғар қақпасы"туындылары ұсынылды.