2025 жылдың 30 сәуір күні Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 1 мамыр – Халықтар Достығы күніне арналған «Еңселі ел бірлігі» тақырыбында музей қорындағы туындыларынан көрме өтті.
Мақсаты: Көрермендердің Отанға, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің, сондай-ақ Қазақстан жеріндегі өзге ұлттардың да тарихын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сыйлауға тәрбиелеу.
Қазақ ұлтының кешегі көрінісі көшпелі болса, бүгінгі күнде тәуелсіздігін алған егемен ел. Еліміз басына түскен сын сағаттарда сыннан сүрінбей өтіп,тарыдай шашылмай , жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен ауызбіршіліктің туын желбірете білді. Халқымыз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» 130 түрлі өзге ұлт өкілдерімен бірге қырық пышақ болмай, тату тәтті өмір сүріп, қаймағымыз бұзылмаған елге айналдық. Қазақстан-өзге ұлт өкілдерінің де өмір сүріп жатқан Отаны, ұрпақтарының кіндік қаны тамған жері.Осы ұлт өкілдерімен қоян қолтық араласып түсінісуіміз,достығымыздың жарасуы , қиын қыстау кезеңде бір құйқаны бірге бөлісіп жеп, көзімізді алартпай тереземіз тең, керегеміз кең бір шаңырақтың астында өмір сүруіміз -біздің еліміздің ең басты байлығы болып табылады.
Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған
Көрмеге: Ж.Аралбаевтың «Гүлденген өлке» Т. Халиннің «Мәртебелі көктем», В.Фролованың «Буырқанған мамыр», М.Даулетияровтың «Түрлі түсті көктем мерекесі», Қ.Досниязовтың «Мерекелі Гурьев», А.Мангистауованың «Ынтымақ – достық кепілі», Е.Дәукеновтың «Үш дос», Н.Габдешовтың «Бір шаңырақ астындағы Қазақстан», О.Төлеужанның «Бірлігі – бекем елдің болашағы» туындылары қойылып таныстырылды
Көрмеге Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің студенттері қатысты.