2025 жылдың 30 сәуір күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Жұмабаева Эльмира Махметқызының музей қоры туындыларынан «Штрихтар сырын сезінген» тақырыбында дәріс-сағат өтті.
Дәріс сағаттың мақсаты – суретшінің музей қорындағы туындыларын таныстыру, насихаттау.
Жұмабаева Эльмира Махметқызы 1978 жылы 2-ші қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген.1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 жылдан бері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарады. Оқу ағарту саласында да белсінді, білім беру жүйесін басқару бойынша шетелдік тәжірибені меңгерген.
2012 жылдан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. 2003 жылы өткен VI халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің Гран-при иегері.
Cуретші-қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің жарқын өкілдерінің бірі. Ол өз туындыларын әйелдің ішкі сұлулығы, музыка мен балет тақырыбына арнаған. Француз модернизміне тән лирикалық стиль мен қазақы нәзіктік оның шығармашылығына тән ерекшелік.
Дәріс-сағат барысында Өнер музейінің қорындағы Жұмабаева Эльмира Махметқызының «Демалыс аймағы»; «Тельман көшесі»; «Интерьер және Панно скрипкашы»; «Әйел портреті»; тақырыбында туындылары музейге келген Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі мен Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінен келген студенттерге таныстырылды.