2025 жылдың 30 мамыр күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 4 маусым - "Мемлекеттік рәміздер күніне" арналған «Рәміздер – Тәуелсіздік символы» тақырыбында дәріс-сағат өтті.
Дәріс-сағаттың мақсаты — – еліміздің мемлекеттік рәміздерін жас өскелең ұрпаққа насихаттау және рәміздерге деген құрметті ояту. Оқушыларды Отансүйгіштік, адамгершілік, халқына адал қызмет ету, елінің рәміздерін қастерлеу қасиеттері арқылы сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығына тәрбиелеу.
1992 жылы 4 маусымда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер — әр елдің тарихын, өзіндік өмір салтын, дәстүрін, тіршілік болмысын, арман-мұратын, көршілес елдермен қатынасын білдіретін ерекше белгілер. Өткен ғасырдың 90-жылдары Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраны әлемдік рәміздер каталогына еніп, халықаралық қауымдастықта мойындалды. Мемлекеттік рәміздеріміз мәдениетіміз бен тарихымыздың айқын бейнесі. Сол себепті мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, құрметтеу әр азаматтың парызы.
Шараға Атырау сервис колледжінің студенттері мен мұғалімі қатысты. Студенттер мемлекеттік рәміздер туралы дәріс-сағатты тыңдап, өз білімдерін жетілдіре түсті.
Қатысушы көрермен саны: 14 студент, 1 мұғалім