2025 жылдың 17 шілде күні Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Шағын шедевр» тақырыбына музей қорынан жинақталған өлшемі шағын әртүрлі туындылардан көрме өтті.
Көрменің мақсаты – өнерді насихаттау, суретшілердің креативтілігін және шеберлігін бағалау, шағын форматты өнерге қызығушылықты арттыру. Бұл көрме - үлкен өнердің кішігірім көрінісі. Әрбір туынды - шеберліктің, шабыттың және терең ойдың шағын бейнесі болып табылады.
“Шағын шедевр” көрмесі кішкентай форматтағы өнердің сұлулығын, тереңдігін және маңыздылығын көрсететін ерекше шара болды. Көрме барысында қатысушылар суретшілердің еңбектерімен танысып, жаңа әсер мен эмоцияға бөленді.
Көрмеде Айса Утаралиевтің «Дәм»,Зұлқайнар Қожамқұловтың «Аламан», Лиза Қалимованың «Мешіт», Арий Школьныйдың «Әйел портреті», Әділқайыр Жантасовтың «Сарытоғай. Алтын ағаш», Виктор Фарберовтың «Қысқы пейзаж», Анатолий Бажановтың «Күннің батуы», Жоламан Аралбаевтың «Жаз», Валентина Трофимованың «Қарбызбен натюрморт» атты туындылар ұсынылды. Көрмеге «Болашақ» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты.