2025 жылы 22 тамызда Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде “Бабадан қалған мол өнер” тақырыбында белгілі қолөнерші Қалымбек Жұмашевтің музей және жеке қорындағы туындыларынан көрме өтті.
Көрменің мақсаты — қолданбалы суретші, қолөнерші Қалымбек Жұмашевтің қолөнер туындыларын қатысушы жас өскелең ұрпаққа таныстыру, қолөнер туындылары арқылы салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді дәріптеу, балалардың қолөнерге қызығушылықтарын арттыру.
Қалымбек Жұмашев Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі болып табылады. 1960 жылы 20 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Орталық одақтың Мәскеу дизайнерлік училищесін бітірген. Оқуға дейін облыстық тұтынушылар одағының жөндеу-жарнама шеберханасында суретші болып жұмыс істеген. 1982-1986 жылдары Атырау облыстық телевидениесінде суретші болып жұмыс істеді. 1989-2000 жж. «Азимут» жеке жарнама агенттігінде бас суретші ретінде қызмет атқарған.
Қалымбек Жұмашев – суретші, қолданбалы суретші, ағаш және тас оюының бағыты, этно-дизайн жанрларында жұмыс істейді. Таксидермияда, тұлыптар мен жануарларды жасауда үлкен тәжірибесі бар. Қалалық және республикалық көрмелердің дипломаты және қатысушысы. Түрлі көрмелердің белсенді қатысушысы. Жұмыстары еліміздің әртүрлі музей қорларында, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.
Көрмеде «Бабадан қалған мол өнер» тақырыбын ашатын, сондай-ақ, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, тарихымызды дәріптейтін сүйек, күміс, металл қолдану арқылы ағаштан қашап жасалған туындылары мен таксидермия стилінде жасалынған жасанды балық, және суретші-авангардист Казимир Малевичтің әйгілі «Черный квадрат» туындысына иллюстрация ретінде жасанды қара уылдырықтан жасалған туындысы таныстырылды.
Көрмеге музей жанындағы Бейнелеу өнер студиясының оқушылары қатысты.