2025 жылғы 8 желтоқсан күні Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өткен «Ашықтық, заңдылық, адалдық» атты практикалық форумға Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі аталған шараға жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – таза сананы қалыптастыру және әділетті, заңды ұстанған қоғамды дәріптеу.
Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Еркебаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері және студенттер қатысты.
Шараға қатысушыларға жылжымалы көрме барысында музей қорынан жасақталған суретшілердің туындыларына сипаттама берілді. Көрмеге Қ.Амановтың «Жемқорлық ел қасіреті», О.Қарабалиннің «Жемқорлық», Н.Қалиевтің «Халықпен ашықтық», Т.Қисметовтың «Өмір мен өкініш», Е.Дәукеновтың «Өзіңнен баста», Қ.Мендакуловтың «Ұрлық түбі - қорлық» (Судың да сұрауы бар) атты туындылары қойылды.
















