Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі бейнелеу өнерімен қатар, қолданбалы-сәндік өнерді дамытуға, ұлт мәдениеті мен өнерінің бай мұрасын, дәстүрі мен дүниетанымын өнертану ғылымымен ұштастыра жетілдіруге, қолөнер түрлерін насихаттауға жете мән бере отырып, қашықтан жұмыс жасауды жалғастырып келеді. Музейде бұған дейін елге белгілі суретшілердің, қолөнер шеберлерінің талай көрмелері мен байқаулары ұйымдастырылғаны белгілі. Бұл жұмыс үдерісі еліміздегі жағдай тұрақталған соң жалғасын табарына сенімдіміз. Ал, әзірге, желідегі көрермендеріміз үшін өнертанушы Тоғаева Кәмшат Молжігітқызы дайындаған зергер Мұхтар Қабдығалиұлының «Ата өнері – балаға мұра» тақырыбындағы зергерлік бұйымдарынан бейне дәріс-сағатын ұсынамыз. Бірге болыңыз!
http://shaimardan.kz/kk/?fbclid=IwAR0QbD749FhX4iJj2mXWMiJy8ozjXSkY4PdOY-55ylOkN1tBAdyM6cBz8kM
#бізбіргеміз
#үйдеболыңыз