2026 жылғы 5 наурыз күні Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі жанындағы көркемсурет студиясының оқушыларына арналған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай “Ана шуағы” атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – жас суретшілердің шығармашылығын қолдау, олардың аналарға деген сүйіспеншілігі мен құрметін өнер арқылы жеткізуіне мүмкіндік жасау.
Шара барысында студия оқушылары өздерінің аналарға арнап салған суреттерін көрермендерге таныстырып, әр жұмыстың идеясы мен мазмұны туралы айтып берді. Көрме аясында балалар арасында қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде мерекелік шараға белсене қатысты.
Көрме соңында жас суретшілердің еңбектері арнайы номинациялар бойынша бағаланып, қатысушылар марапатталды. Номинациялар: «Ең нәзік сурет», «Ең жарқын жұмыс», «Ең шығармашыл бала», «Жүректен шыққан туынды».
Аталған көрме жас өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға және аналарға деген шынайы құрметін көрсетуге бағытталған тағылымды шара болды.
















