2026 жылғы 16 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында «16 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 22 наурыз - «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мерекесіне арналған «Береке бастауы - Наурыз» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Көрменің мақсаты – ұлттық мәдениет пен дәстүрді насихаттау, қазақ халқының рухани мұрасын кеңінен таныстыру. Экспозицияда музей қорында сақталған көркемсурет және қолөнер туындылары ұсынылды.
Көрмеге келушілер қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын бейнелейтін шығармалармен танысып, Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, көрме қонақтарына ұлттық өнердің әсемдігі мен шеберлігін көрсететін түрлі жұмыстар ұсынылды.
«Береке бастауы - Наурыз» көрмесі музей келушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Көрме барысында Мағауия Аманжоловтың «Жайлауда»,Қамбарбек Амановтың «Дастархан», Қабдол Досниязовтың «Қазақтың ұлттық мейрамы», Вячеслав Русановскийдің «Көктемгі таң»,Бақытхан Мырзахметовтың «Наурыз көже», Қанатбек Чагиевтің «Наурыз», ГүлмираТелғозиеваның «Алтын уақыт»,Бейбіт Меңдіғалиевтің «Наурыз көже»,Тілек Халиннің «Мәртебелі көктем» атты туындылары көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеге Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Көркем еңбек» мамандығының II курс студенттері қатысты. Көрме студенттер мен өнерсүйер қауымға ерекше әсер қалдырып, шығармашылыққа деген жаңа көзқарас сыйлады.
















