2026 жылғы 4 маусым күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 4 маусым - "Мемлекеттік рәміздер күніне" арналған «Тәуелсіздік тұмары» тақырыбында дәріс-сағат өтті.
Дәріс-сағаттың мақсаты — – еліміздің мемлекеттік рәміздерін жас өскелең ұрпаққа насихаттау және рәміздерге деген құрметті ояту.Азаматтарға Отансүйгіштік, адамгершілік, халқына адал қызмет ету, елінің рәміздерін қастерлеу қасиеттері арқылы сүйіспеншілік,жалпыадамзаттық құндылығына тәрбиелеу.
1992 жылы 4 маусымда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер — әр елдің тарихын, өзіндік өмір салтын, дәстүрін, тіршілік болмысын, арман-мұратын, көршілес елдермен қатынасын білдіретін ерекше белгілер. Өткен ғасырдың 90-жылдары Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраны әлемдік рәміздер каталогына еніп, халықаралық қауымдастықта мойындалды.Мемлекеттік рәміздеріміз мәдениетіміз бен тарихымыздың айқын бейнесі. Сол себепті мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, құрметтеу әр азаматтың парызы.
















