2026 жылы 12 күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы өнер музейі мен «П.М. Догадин атындағы Астрахань мемлекеттік көркемсурет галереясы» АҚ мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесінің бірлескен іс-шаралары аясында Астрахань көркемсурет галереясының қорындағы шетелдік өнер туындыларымен танысуға арналған «Искусство народов мира в Астрахани» атты виртуалды online-көрмесін назарларыңызға ұсынамыз. Астрахань қаласындағы П.М. Догадин атындағы көркемсурет галереясында тек орыс өнерімен ғана емес, басқа да өнер түрлерімен танысуға болады. «Искусство народов мира в Астрахани» экспозициясы еуропалық шеберлердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, сондай-ақ Азия мен Шығыс елдерінің өнерін біріктіреді.
XVIII–XX ғасырлардағы Батыс Еуропа кескіндемесі туындыларының арасында Шарль Бриамонның «Дорога в лесу» картинасы ерекше орын алады. Бұл — галереяның негізін қалаушы Павел Михайлович Догадиннің жеке коллекциясынан сақталған Батыс Еуропаға тиесілі екі картинаның бірі. Екіншісі — Иосиф Планктің «Водопад» туындысы.
Шетелдік коллекцияның едәуір бөлігі австриялық көпес Отто Яковлевич Виблингердің есімімен байланысты. Оның коллекциясы 1918 жылы галереяға тапсырылған. Оның құрамына еуропалық суретшілердің туындылары, соның ішінде экспозицияда ұсынылған Франц Томашудың «Тайная вечеря» картинасы енді. Галерея қорындағы тоғыз картина Франц Томашу мен Вацлав Мали қылқаламына тиесілі.
Экспозицияның кескіндеме бөлігін еуропалық мүсін өнері толықтырады. Келушілер таныса алатын туындылардың қатарында Ян Адамның «Натан Мудрый» және белгісіз шебердің «Крылатый лев» шығармалары бар. Шетелдік өнердің басқа да туындыларымен бірге олар музей қорына енген көркемдік дәстүрлердің, сюжеттер мен бейнелердің алуан түрлілігін көруге мүмкіндік береді.
«Искусство народов мира в Астрахани» экспозициясы келушілерді галерея коллекциясының орыс өнерінің шегінен әлдеқайда асып түсетін бөлігімен таныстыруды жалғастырады және музей қорының қалыптасу тарихын тағы бір қырынан ашады.
















