2026 жылғы 15 шілде күні музей жанындағы көркемсурет студиясында «Жайнаған жаз» тақырыбында жас суретшілердің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру және жаз мезгілінің әсемдігін өнер арқылы насихаттау.
Көрме барысында студия оқушылары өз қолдарымен салған туындыларын көпшілік назарына ұсынып, шығармалары арқылы жаз мезгілінің молшылығын, табиғаттың көркемдігін және түрлі-түсті жеміс-жидектердің әсемдігін бейнеледі. Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен шығармашылық ізденісін айқын көрсетті.
Іс-шара аясында шығармашылық сабақ ұйымдастырылып, балалар жазғы жеміс-жидектерден сәнді әрі ерекше бокс әзірледі. Сонымен қатар қатысушылар қызықты ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік бағдарламаның бір бөлігіне айналды.
Шара соңында барлық қатысушылар белсенділігі мен шығармашылығы үшін марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
















