2026 жылғы 23 қазан күні Атырау облысы Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде «25 қазан – Республика күніне» «Азат елдің айшықтары» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Көрменің негізгі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық құндылықтарын, туған жерге деген сүйіспеншілікті және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын өнер туындылары арқылы насихаттау. Көрмеге музей қорында сақталған қазақстандық суретшілердің ел тарихын, туған жердің көркем табиғатын, ұлттық рух пен елдік мұратты бейнелейтін шығармалары қойылды. Көрмеге қойылған туындылар:Қ. Айтқалидың «Жаңарған өлке. Атамекен» туындысы , И. Арыстановтың «Қазыналы өлкем» туындысы , Ж. Аралбаевтың «Гүлденген өлке» туындысы , Н. Қалиевтің «Бәйтерек» туындысы , Б. Бертаевтың «Шарықтау шегі» туындысы, Ж. Рахметовтың «Атырау өңірі» туындысы , Қ. Мұхамедиевтың «Киелі өлке – Атырау» туындысы , Қ. Мәдіровтың «Аманат» туындысы , Р. Сапаралиеваның «Мәңгілік – Әнұран» туындысы , М. Рахметовтың «Шуақ» туындысы ,
Қ. Әділбектің «Өсиет» туындысы көрмеге қойылды .
Көрме барысында келушілер суретшілердің шығармалары арқылы туған өлкенің әсемдігін, халықтың рухани байлығын және тәуелсіз елдің жетістіктерін таныды.
Көрмеге Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының халық аспаптары мамандығының I-курс студенттері және Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің көркем еңбек мамандығының III-студенттері қатысты.
Студенттер көрмеге қойылған туындылармен танысып, отандық бейнелеу өнері мен ұлттық мәдениеттің маңызы туралы түсініктерін кеңейтті.
«Азат елдің айшықтары» көрмесі Республика күнінің маңызын айшықтап, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, туған жерге деген құрметті арттыруға және ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталды.
















