1941 жылы Ереван көркем сурет училищесінің үш курсын бітірген. Кескіндеме өнерімен шұғылданды. 1961 жылдан ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР-ның, еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың 6ipi.
Саркис Саносян творчестволық кең диапазондагы суретші. Ол академиялық және экспрессионист бағыттарда б1рдей еркін жұмыс жасаган суретші. Оның негізгі такырыбы -күрделі, қашанда қозғалыста болатын табиғат әсемдігі. Ол үлкен пейзаждық серияларды дүниеге әкелді. Оларда көркемдік-поэтикалық көзқарас, қоршаған орта мен адам арасындагы бірлікті ұғыну жатыр.
Cуретші адамдардағы творчестволық белсенділікті урбаникалық пейзаждармен ашты. Ол қала сәулетін адамдардың қолымен жасалган «екінші» табиғат деп қарастырады. Қылқалам шеберінің шығармаларында мемлекетіміз бен халқымыздың тарихы мен сол кезеңдегі оқиғалары дәлме-дәл көрініс табады.
Қылқалам шебері Саркис Саносян 1922 жылы Арменияның Кармир жерінде дүниеге келген. 1938-1941 жылдары Ереван көркемсурет училищесінде білім алады. 1954 жылы Қарағандыға қоныс аударады.
1961 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың бipi. Көптеген республикалық, одақтық сурет көрмелеріне қатысқан.
Суретші шығармашылығында өндірістік пейзаждар көп кездеседі. «Қазақстан магниткасы», «Қызыл домна», «Ертіс-Қарағанды каналы», «Топардағы МАЭС», «Көмір мен қала», «Шахтерлар қалашығы», «Магнитка ырғағы» сынды жұмыстары Қарағанды өңіріндегі тынымсыз еңбек пен қажымас күш-қайратты көрсетеді.
Бар ғұмырын сурет әлеміне арнаған қылықалам шебері 1000-нан аса кескіндемелік жұмыстар жазған. Суретші туындылары еліміздегі бірқатар музейлер мен галереяларда, сондай-ақ жеке коллекцияларда сақталған.
Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Саркис Санорсянның «Ақбас таулар», Совхоздағы көктем», «Шахта», «Поселок» сынды жұмыстары сақталған.