2022 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күні сағат 15:00-де «Dara» қайырымдылық қоры Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейімен бірлесіп «Әлемді ашамыз: Қазақстан музейлерінде қолжетімді орта құру» жобасының нәтижелерін ұсынады.
Мақсаты – көру қабілеті жоқ және көзі нашар көретін балаларға арнайы ауызша сипаттама (аудиодескрипция) және тактильді модельдер арқылы өнер туындыларымен танысуға көмектесу. Жоба аясында осындай тұсаукесерлер Семей, Қарағанды және Павлодар қалаларының музейлерінде өтуде.
Аудиодескрипция – көру қабілеті жоқ және көзі нашар көретін адамға ақпарат берудің маңызды құралдарының бірі, яғни, нысан немесе құбылыстардың ауызша сипаттамасы арқылы айналадағы әлем, құбылыстар туралы түсінік алуына көмектеседі.
Біз барлық балалардың білім алуға және дамуға тең құқығы бар деген нық сенімге негізделеміз және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтыламыз. Музей жәдігерлерінің аудиодескрипциясын дайындау идеясы – «Әлемді ашамыз» атты үлкен жобаның бір бөлігі ғана. Жобаның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін, атап айтқанда, көру қабілеті жоқ және көзі нашар көретін балаларға білім алуына, шығармашылыққа, еліміздің мәдени және рухани мұрасына қол жеткізуіне жағдай жасау.
Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнері музейімен бірлескен жоба аясында 23 өнер туындысы таңдалып, аудиодескрипциясы қазақ және орыс тілдерінде жасалды. Дыбысталған жәдігерлер Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы-сәндік өнер туындылары болып табылады.
Аудиожазбаны дайындау кезінде жәдігерлердің мазмұны мен сипаттамасымен өте мұқият жұмыс жасалынды, сонымен қатар балалар аудиториясына түсінікті және қолжетімді әрі қызықты болатын және музей көрсеткен заттың сұлулығын барынша жеткізуге мүмкіндік беретін сөздер қолданылды. Сондай-ақ ауызша сипаттамада музей ғимаратының ішкі де сыртқы келбеті айтылған. Дыбыс жолағының жалпы саны 100 минуттан асады. Сонымен қатар, жергілікті шебер экспонаттардың бейнесін барынша жеткізетін жазық көлемде 3 тактильді макет жасады.
Жоба аясында қолжетімділік мәселелері бойынша сарапшы, тифло педагог және кәсіби аудиодискриптор мамандары тартылды.
Жоба нәтижелері аудиодескрипция қоғам өмірінің міндетті элементі болуы тиіс екенін дәлелдейді. Көркем фильмдерде, мультфильмдерде, театр спектакльдерде, спорттық-бұқаралық шараларда, концерттерде аудиодескриптация жасалу қажет. Біз мәдениет және спорт ұйымдарының алдағы уақытта өздерінің стратегиялық жоспарларына қол жетімділік мәселелерін және адами мүмкіндіктердегі алуан түрлілігін норма ретінде қарастыратын әмбебап дизайнды енгізу қажет екенін түсінеміз.
Атырау қаласында аудиодескрипция дайындау PwC Казахстан компаниясының қолдауымен жасалды. Семей, Қарағанды, Павлодар қалаларындағы музейлерде аудиодескрипция бойынша жобаны іске асыру үшін қаражат «DaraBilim 2020» қайырымдылық акциясының арқасында жиналғанын атап өту маңызды.
«Dara» қайырымдылық қорымен бірлескен көрмені Атырау қаласының әкімі Қалауи Мейірім Жоламанұлы ашып, ерекше балалар үшін жүзеге асқан игілікті істі ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Алдағы уақытта «Dara» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, Атырау қаласында бірнеше жобалардың қолға алынатындығын жеткізді. Атырау облыстық Мәдениет, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшы орынбасары Қыстаубаева Асия Баянқызы көрме жұмысына сәттілік тіледі және «Dara» қайырымдылық қорының демеушісі «GalaGlobalGroup» ЖШС төрағасына алғыс хат табыстады. Құттықтау сөз кезегі «Dara» қайырымдылық қорының өкілі Бексұлтанова Сәуле Дюсенбайқызына берілді. Ол өз сөзінде «Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау» екендігін тілге тиек етті. Атап өту керек, аталған мақсатта музейдің 23 экспонатына қазақ және орыс тілінде аудиодескрипция жасалды. Ал суретші Елеуғали Дәукеновтың көмегімен 3 тактильді жұмыс, арнайы мамандандырылған мектеп-интернат тифлопедагогы Зайдолла Сайрагүлдің көмегімен «Брайля» шрифтасымен этикетаж әзірленді. Осы жұмыстың басы-қасында болған музейдің бас қор сақтаушысы Шынар Лұқпанованың еңбегі зор екендігін атап өткен жөн. Бұл туындылар арқылы балалар Қазақстан бейнелеу өнерінің туындыларымен танысуға мүмкіндік алады. Жобаны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен PwC – «ПрайсуотерхаусКуперс», Gala Global Group «Гала Глобал Групп» ЖШС-не, «Dara» қайырымдылық қоры ұжымына шығармашылық табыс тілеп алғыс білдіреміз.
Шараға Атырау облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, қызметкерлері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Анықтама:
«Dara» қоры - ерекше білім беру қажеттіліктеріі бар балалар мен балалар үйлері тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды іске асыратын қайырымдылық жеке қор.
Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі – аймақтың мәдени және ағарту орталығы болып табылады. Музейдің мақсаты кең аудитория үшін Қазақстанның өнер туындыларын сақтауға және танымал етуге бағытталған әртүрлі қызметтерді (қордағы, ғылыми, ақпараттық) кешенді және жоспарлы жүзеге асыру
Gala Global Group «ЖШС» - Қазақстандағы аударма қызметтерінің кең спектрі бар көшбасшы компания өз қызметін 2006 жылдан бері жүргізіп келеді. Әлемнің 86 тілінен кәсіби аударма қызметтерін көрсетеді және цифрлық қолжетімділік жобаларына қатысады. ҚР СТ ISO 9001: 2016 бойынша сертификатталған.
PwC – маңызды мәселелерді шешу және қоғамның бизнеске сенімін арттыру мақсатында жұмыс атқарады. PwC аудит, бизнес кеңес беру мен салық саласында сапалы қызмет көрсетуге дайын 295 мыңнан астам мамандарды біріктіретін 156 әлем бойынша фирмалар желісін ұсынады. Толық ақпарат www.pwc.com/structure сайтында берілген.